Керме төбенің сырланған төбеге қарағанда артықшылықтары
Сіздің керме және сырланған төбелер туралы сұрақтарыңызға Алмапотолок компаниясының мамандары жауап береді.

Төбені өз бетінше сырлаудың ерекшеліктері
Сырмен әрлеу аласа төбелер үшін өте өзекті, өйткені жұқа сыр қабаты төбені аласартпайды.
Төбені сырлаудың басты кемшілігі — оның күрделілігі. Төбені қабырғалар мен еден әрленбей тұрып міндетті түрде сырлау керек. Сонымен қатар, сырлау алдында ұзақ дайындық жұмыстарын жүргізу қажет: тегістеу (грунтовка), шпатлевка жағу, ажарлау (шлифовка).
Сырмен мінсіз жабынға қол жеткізу өте қиын екенін ескеру керек, бұл үшін белгілі бір дағдылар мен біліктер қажет. Егер төбені өз бетіңізше сырласаңыз, технологияның бұзылуына байланысты көбінесе біркелкі емес жабын алуға болады.
Сонымен қатар, пайдалану барысында сырланған төбеде жарықшақтар мен дақтар пайда болуы мүмкін. Сырланған төбені жиі жууға болмайды, өйткені сыр тез жуылып кетеді.
Алмапотолок компаниясымен мінсіз төбе
Керме төбе тіпті ең тегіс емес төбенің өзін оңай мінсіз тегіс ете алады. Монтаждау алдында сізден ешқандай дайындық жұмыстары талап етілмейді.
Керме төбені орнатуды кез келген уақытта, тіпті үй-жай пайдаланылып жатса да жүргізуге болады. Біздің мамандар жиһаздарды өздері жылжытып, беттерді қорғаныш пленкамен жабады. Барлық монтаждау бірнеше сағатты алады және ешқандай алдын ала дайындықты қажет етпейді.
Біздің фирмаға жүгініп, тегін кеңес алып, монтаждауға тапсырыс берсеңіз, бір-екі күннен кейін мінсіз төбеге ие боласыз.
Керме төбелер — артықшылықтары мен фотосуреттері
Керме төбенің көмегімен кез келген идеяны жүзеге асыруға болады: көп деңгейлі төбелер, фотобаспа, кез келген түстер мен реңктер, ерекше жарықтандыру.
Сондай-ақ керме төбе сізді көршілерден су кетуден қорғайды — ПВХ пленкасы көп мөлшердегі суға төтеп бере алады.
Керме төбелер өртке және ылғалға төзімді, сондықтан кез келген үй-жайға жарайды. Күтімі оңай, жылдар бойы тартымды сыртқы түрін жоғалтпайды.
Кенепке өз талғамыңызға сай кез келген суретті басып шығаруға тапсырыс бере аласыз.
Алматыда керме төбелер бойынша тегін өлшеу мен кеңес алуға +7 (707) 178-37-75 телефондары арқылы немесе сайтымызда өтінім толтыру арқылы жазыла аласыз.













