Швейцариялық Clipso керме төбелері

Бағасын сұрау

Швейцариялық Clipso керме төбелері премиум санаттағы полимерлі матадан жасалады. Бұл төбелердің басты ерекшелігі – төбе жабыны жылу пушкаларының көмегімен қыздырылмай-ақ орнатылады! Қабырғаға клипсалық жүйе арқылы тығыз бекітіледі, сондықтан түйіскен жерлерді сәндік таспамен жабудың қажеті жоқ. Төбе жабынының ені – 3,1-ден 5 метрге дейін. Температураның өзгеруіне төзімді, -30-дан +70 °C-қа дейінгі температураға шыдайды.

Бүкіл әлемге танымал швейцариялық сапа өздігінен-ақ бәрін айтып тұр. Clipso матадан жасалған керме төбелері экологиялық қауіпсіз ғана емес, сонымен қатар арнайы микроперфорацияланған төбе жабынының арқасында бөлмедегі салауатты микроклиматты сақтауға көмектеседі. Құрамында ұшпа және улы заттар жоқ. Бұған қоса, дыбыс оқшаулау және су өткізбейтін қасиеттерге ие. Төбе жабыны жіксіз, жанбайды және жануды қолдамайды. Шын мәнінде, швейцариялық керме төбелер – матадан жасалған төбе жабындарының ішіндегі нарықтағы ең үздік өнім.

Матадан жасалған төбе жабыны өте жоғары беріктік деңгейіне және M1 халықаралық қауіпсіздік сертификатына ие. Бұл осы брендтің өнімдерін медициналық мекемелерде, балабақшаларда және т.б. орындарда пайдалануға мүмкіндік береді. Антистатикалық қасиетке ие, «кір жұқтырмайтын» әсері бар, оңай жуылады және конденсат жинамайды.

Clipso жіксіз төбелері тек күңгірт фактурада шығарылады. Түстер палитрасында шамамен 40 реңк бар. Сондай-ақ бұл топтамада жартылай мөлдір төбе жабыны мен жылтыр бөлшектері бар мата ұсынылған. Керме төбені фотосурет басып шығару арқылы түрлендіруге болады. Арнайы трикотаж тоқымасы суреттің бастапқы көрінісін сақтауға және төбе жабынын біркелкі керуге мүмкіндік береді.

«Алмапотолок» компаниясы Алматы қаласындағы швейцариялық Clipso брендінің ресми өкілі болып табылады. Тек бізден жіксіз керме төбелерге қолжетімді бағамен тапсырыс бере аласыз. Жоғары білікті мамандарымыз өлшеу және монтаждау жұмыстарын барынша қысқа мерзімде орындайды. Сапалы материалдарды пайдалану және мамандарымыздың кәсібилігінің арқасында керме төбе сізге ондаған жыл бойы қызмет етеді!

Байланыс

Төбеңіздің құнын бүгін-ақ есептеп береміз

Өзіңізге ыңғайлы тәсілмен бізбен байланысыңыз. Кеңес береміз, тегін өлшеу жұмыстарын жүргізіп, бюджетіңізге сай ұсыныс дайындаймыз