Polyplast бельгиялық керме төбелері

Бағасын сұрау

Polyplast – ені 3,50 және 5,50 метр болатын төбе жабындары шығарылатын бірегей керме төбе бренді. Бұл – Еуропа, Ресей және Қытай нарықтарында өзін жақсы танытқан бельгиялық өндірушінің бренді. Енді Polyplast Алматыда да қолжетімді. «Алмапотолок» компаниясы Қазақстандағы осы брендтің ресми өкілі болып табылады. Сонымен қатар, біздің компания қаламыздағы ені осындай кең төбе жабындарын өңдеуге қабілетті пішу станоктары бар санаулы компаниялардың бірі!

Polyplast төбе жабындары – 80-нен астам түс реңкі бар жіксіз керме төбелер. Сонымен қатар, олардың бірқатар артықшылықтары бар:

  • төбе жабынының жоғары сапасы;
  • өрт қауіпсіздігі. Жануды қолдамайды (КМ2 класы);
  • ылғалға төзімділігі. 1 м² аумаққа 100 литрге дейін су жинауға төтеп бере алады;
  • –2°С-қа дейін аязға төзімділігі;
  • үлдір қалыңдығы – 0,18 мм;
  • үлдір ені – 3,50-ден 5,50 м-ге дейін;
  • фактура түрлері – күңгірт, жылтыр, сатинді;
  • кең үлдір өндіретін басқа өндірушілермен салыстырғанда бағасының төмен болуы.

Үлдірдің беріктігін тексеру мақсатында арнайы сынақтар жүргізілді. Таңғаларлығы, Polyplast керме төбесі алты ересек ер адамның салмағына төтеп берген! Бұл – көптеген сапа сертификаттарымен расталған бельгиялық сапа. Сонымен қатар, Polyplast үлдірі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, жағымсыз иіс шығармайды және құрамында кадмий жоқ!

Керме төбелерден бөлек, бельгиялық Polyplast PTMC концерні дәрі-дәрмектерге арналған пластик қаптамалар, балалар ойыншықтары мен пластик ыдыстар өндіреді. Сондықтан өнімнің қауіпсіздігіне күмәнданудың қажеті жоқ.

Тапсырыс берушілеріміздің шамамен 85%-ы бельгиялық керме төбелерді таңдайды. Оның басты себебі – қолайлы баға мен жоғары еуропалық сапаның үйлесімі. Қазіргі таңда Polyplast төбелері барлық көрсеткіштері бойынша француздық және неміс өндірушілерінің өнімдерімен бір деңгейде тұр. «Алмапотолок» компаниясы Алматы қаласында Polyplast керме төбелеріне тапсырыс беріп, олардың артықшылықтарына өзіңіз көз жеткізуге кеңес береді!

Байланыс

Төбеңіздің құнын бүгін-ақ есептеп береміз

Өзіңізге ыңғайлы тәсілмен бізбен байланысыңыз. Кеңес береміз, тегін өлшеу жұмыстарын жүргізіп, бюджетіңізге сай ұсыныс дайындаймыз