Біз не ұсынамыз
Құрылыс және дизайн саласындағы мол тәжірибеміз клиенттерімізге қонақ бөлмеге, жатын бөлмеге, балалар бөлмесіне және басқа да бөлмелерге арналған әртүрлі нұсқадағы аралас төбелерді ұсынуға мүмкіндік береді.
Жұмыс барысында бөлменің өлшемі мен биіктігін ескереміз. Төбесі аласа шағын бөлмелерге түзу немесе қисық сызықты дәнекерленген, жылтыр фактуралы бір деңгейлі керме төбелер қолайлы. Аумағы кең, кеңістігі шектелмеген интерьерді жылтыр және күңгірт төбе жабындары әртүрлі түстермен үйлескен, гипсокартоннан және басқа материалдардан жасалған ерекше көп деңгейлі конструкциялары бар аралас төбемен безендіруге болады.
Контрастілі төбелер бір-бірін айқындайтын қанық әрі жарқын реңктердің батыл үйлесімінен тұруы мүмкін. Мұндай безендіру төбеге ерекше назар аударылатын заманауи интерьерлерде танымал. Классикалық стильде безендірілген бөлмеде аралас төбе екі сабырлы реңктің үйлесімі ретінде көрінуі мүмкін.
Аралас керме төбелердің артықшылықтары
Көп түсті керме төбелер шығармашылыққа кең мүмкіндік береді. Өйткені кез келген күрделіліктегі абстрактілі композициялар жасауға, жарық бағытын өзгертуге және бөлмені аймақтарға бөлуге болады. Осы және басқа да көптеген тәсілдер интерьеріңізді адам танымастай өзгертуге көмектеседі!
Аралас төбелер иелеріне келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
- Кеңістікті аймақтарға бөлу. Әртүрлі түсті керме төбе жабындарының көмегімен бөлменің геометриясын өзгертіп, фотосуретте көрсетілгендей интерьердің маңызды аймақтарын бөліп көрсетуге болады;
- Интерьерге қайталанбас дизайн беру;
- Аумағы шағын бөлмелерге орнату;
- Көршілерден су басу жағдайында бөлмені судан қорғау;
- Тегіс әрі біркелкі бетті қалыптастыру;
- Бетті жылдам әрі оңай күту мүмкіндігі;
- Негізгі төбенің кемшіліктерін жасыру.
Біздің компаниядан экологиялық таза әрі ұзақ мерзімді материалдардан жасалған аралас керме төбелерге қолжетімді бағамен тапсырыс бере аласыз.
Бізбен бірге төбеңіздің әрбір иілісі мен сызығы мінсіз талғамыңыздың, қымбат әрі сапалы бұйымдарға деген сүйіспеншілігіңіздің көрінісіне айналады!


