Керме төбелер бөліп төлеуге және несиеге
Керме төбелер — интерьер дизайнындағы ең танымал шешімдердің бірі. Конструкция төбенің мінсіз тегіс бетін жасауға мүмкіндік береді, ал мұны басқа тәсілдермен жүзеге асыру іс жүзінде мүмкін емес. Осындай танымалдылыққа ие болғандықтан, керме төбелердің көптеген түрлері, түстері мен пішіндері пайда болуы таңқаларлық емес.

Керме төбелердің конструкциясы металл негіз-құрылымдардан тұрады, оларға кейіннен ПВХ үлдірі немесе полиуретан сіңдірілген мата тартылады. Бірақ одан бұрын жайманы белгілі бір температураға дейін, жұмсарғанша газ зеңбіректерімен қыздырады. Сонымен қатар, керме төбе қосымша бөлшектермен (жарықтандыру, карниз, ернеуліктер және т.б.) жабдықталуы мүмкін, сондай-ақ ол көп деңгейлі бола алады. Мұндай төбемен жарықтандырудың кез келген нұсқасын таңдауға болады — люстралар, тректер, жарықдиодты шамдар — өзіңізге ұнайтынның бәрі.
Керме төбелердің артықшылықтар тізімі айтарлықтай: ұзақ мерзімділік, беріктік, күтімнің қарапайымдылығы, монтаждау жылдамдығы, ақаулар мен коммуникацияларды мінсіз жасырады. Бірден байқала бермейтін тұсы — керме төбе сізді су басудан құтқарады! Егер жоғарыдағы көршілеріңіз су жіберіп алса, конструкция жөндеу жұмыстарыңызды аман алып қалады.
Ендеше төбені әрлеуді кейінге қалдырудың не қажеті бар? Жөндеу кезінде әр тиынның есепте екенін біз жақсы түсінеміз. Дәл сол себепті біз әрбір клиентімізге төбені бөліп төлеу арқылы сатып алуды ұсынамыз.
Осы сервистің көмегімен сіз дәл қазір сауда жасай аласыз. Сізге банк бөлімшесіне барудың, анықтамаларға тапсырыс берудің, мақұлдауды ұзақ күтудің қажеті болмайды. Тек телефоныңызға Kaspi.kz мобильді қосымшасын жүктеп алсаңыз жеткілікті. Пайызсыз және комиссиясыз бір рет басу арқылы бөліп төлеу — бұл шындық!
ALMA-POTOLOK компаниясынан бөліп төлеу
Егер банктермен байланысқыңыз келмесе, компания сізге өзі жеке бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынуға дайын. Әрбір клиентпен жеке тәртіпте жұмыс істейміз, шарттар мен төлемдер талқыланып, келісімшартта бекітіледі. Барлығы ресми түрде! Керме төбені бөліп төлеуге алу — екі тарап үшін де тиімді мәміле.
Барлық қызықтыратын сұрақтарды +7 (707) 178-37-75 телефоны арқылы қоюға болады.





