Неліктен қонақ бөлмеге керме төбе орнатуды бізге сеніп тапсыру керек?
- Кешікпей, жылдам орнату – 2-ден 4 сағатқа дейін.
- Монтаждау жұмыстарына кепілдік.
- Ресми келісімшарт пен смета негізінде жұмыс істейміз.
- Монтаждау құны өлшеу кезеңінде келісіледі және жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін өзгермейді.
- Сертификатталған материалдар.
- Сыпайы әрі білікті қызметкерлер.
Қонақ бөлмеге арналған керме төбелердің дизайны
Қонақ бөлме – бүкіл отбасы мен қонақтар жиналатын пәтердегі басты бөлме. Әдемі төбелер қонақтардың назарын аударып, үй иелерінің мақтанышына айналады. Сондықтан қонақ бөлмедегі төбе дизайнын әзірлеуге жауапкершілікпен қарау өте маңызды.
Дизайнерлердің кеңестері:
- Мүмкіндігінше керме төбелердің ерекше конструкцияларын пайдаланыңыз: көп деңгейлі төбелерді немесе әртүрлі фактурадағы төбе жабындарын таңдаңыз.
- Керме төбелердің түсі мен стилі бүкіл бөлменің интерьерімен үйлесуі керек. Сондықтан классикалық стильдегі қонақ бөлме үшін жылы пастельді реңктер мінсіз шешім болады.
- Хай-тек стиліне жылтыр беттер мен қанық түстер тән. Мұндай интерьерде еден түсіне қарама-қарсы реңктегі жылтыр төбелерді қолдану ұсынылады.
- Бөлмені аймақтарға бөлу және ерекше көңіл күй қалыптастыру үшін аралас жарықтандыруды пайдаланыңыз.
- Төбеге арнайы қуысты монтаждау – тамаша шешім. Ауада қалықтап тұрғандай көрінетін перделер бөлмеге қосымша жайлылық сыйлайды.
Қонақ бөлмеге арналған керме төбенің қандай дизайнын жоспарласаңыз да, «Алмапотолок» компаниясының білікті шеберлерінің кез келген арманыңызды жүзеге асыруға жеткілікті тәжірибесі бар.
Қонақ бөлмеге керме төбе орнату бағасы
Қонақ бөлмедегі керме төбенің құны бөлме ауданына, монтаждау жұмыстарының күрделілігіне және қосымша қызметтерге байланысты. Қалай болғанда да, келісімшарт жасалған сәттен бастап монтаждау жұмыстары аяқталғанға дейін бағаның өзгермейтініне кепілдік береміз.
«Алмапотолок» компаниясының қызметтеріне арналған бағалардың толық тізімімен бағалар парақшасында таныса аласыз.


