«Жұлдызды аспан» эффектісі бар керме төбелер

Бағасын сұрау

«Жұлдызды аспан» эффектісі бар төбелер керме төбе жабындарының алуан түрінің арасында ерекше көзге түседі. Өйткені олар демалып, жарқын түстер мен құбылған реңктердің әсемдігін тамашалауға мүмкіндік береді. «Жұлдызды аспан» төбелері кәдімгі төбе жабындарынан ішкі және сыртқы жарықтандыру жүйесімен ерекшеленеді.

Керме төбе — жұлдызды аспанды бейнелеуге арналған мінсіз бет. Тегіс төбелер барынша айқын әрі шынайы бейнелер жасауға мүмкіндік береді.

Жұлдызды төбені орнату тәсілдері

Төбедегі жұлдызды аспан екі тәсілмен орнатылады:

  • төбе жабынын тесіп орнату;
  • теспей орнату.

Әрбір әдіс арнайы жабдықты — проектор мен оптикалық талшықты жіптерді қосуды қажет етеді.

Жұлдыздарға толы аспанды орнату негізгі және керме төбенің арасына жарық генераторын орналастыруды көздейді. Жарқыраған нүктелер оптикалық талшықты жіптердің кесілген ұштары болып табылады. Жіптердің үйлесімі қажетті суретті қалыптастырады. Заманауи технологиялар жұлдыздардың жарқырау жарықтығын реттеуге мүмкіндік береді. Жарқырау қарқындылығын қашықтан басқару пульті арқылы немесе автоматты түрде реттеуге болады. Проектор қосылған кезде жарық сәулелері сымдардың бүкіл ұзындығы бойымен біркелкі таралады. Соның нәтижесінде қажетті бейнені жасау механизмі іске қосылады — төбе жүздеген жарқыраған шамдармен безендіріледі. Жарқырау қарқындылығы мен әрбір жұлдызшаның өлшемі қолданылатын оптикалық кабельдердің санына байланысты.

Жарық өткізетін оптикалық талшықтардың қасиеттері

  • өрт және электр қауіпсіздігі;
  • төмен жылу өткізгіштік;
  • ылғалға төзімділік;
  • талшықтардың жоғары тозуға төзімділігі;
  • энергияны аз тұтыну;
  • жұмыс кезінде шу шығармауы.

Генераторды таңдау

Түнгі жұлдызды аспанның керемет әсерін жасау үшін проекторлардың бірнеше түрі қолданылады.

Галогенді жарық генераторы. Бұл құрылғының шамдары жоғары қуатымен ерекшеленеді. Шамдарды ауыстыру ыңғайлы болуы үшін жарықтандыру құрылғыларын қолжетімді жерлерге орнату қажет. Галогенді шамдардың бір түсті және түрлі түсті түрлері болады. Проекторда жарқырау қарқындылығына әсер ететін түрлі түсті айналмалы сүзгі де бар. Қосымша сүзгінің арқасында жұлдызды аспан шынайы әрі жымыңдап тұрады.

Жарықдиодты жарық генераторы. Құрылғының қызып кетуіне жол бермеген жағдайда, жарықтандыру құрылғылары ұзақ уақыт қызмет етеді. Бір немесе бірнеше режимде жанатын монохромды және полихромды шамдар болады. Жарықдиодты проектордың көмегімен 3D эффектісі бар жұлдызды аспанды, ұшып бара жатқан кометаларды, метеорит жауынын және жымыңдаған жұлдыздарды жасауға болады.

Қосымша лазерлік генератор. Құрылғы негізгі генераторға қосымша ретінде орнатылады және әртүрлі жарық эффектілерін жасайды:

  • жұлдыздардың жаууы;
  • галактиканың айналуы;
  • солтүстік шұғыласы;
  • шоқжұлдыздарды жасау;
  • жұлдыздың жарылуы;
  • ғаламшарлардың айналуы.

Үйіңізге ертегідей жымыңдаған жарығы мен жарқын түстерінің әсемдігімен көз тартатын жұлдызды аспанға тапсырыс беріңіз.

Байланыс

Төбеңіздің құнын бүгін-ақ есептеп береміз

Өзіңізге ыңғайлы тәсілмен бізбен байланысыңыз. Кеңес береміз, тегін өлшеу жұмыстарын жүргізіп, бюджетіңізге сай ұсыныс дайындаймыз