Неліктен дәл MSD және бұл компанияның басқалардан артықшылығы неде?
Компания 2002 жылдан бері әлемдік нарықта табысты жұмыс істеп, жетекші орындардың бірін берік иеленіп келеді. MSD төбе жабындарының ISO сапа сертификаттары бар. Олар иіс шығармайды, сапалы әрі ұзақ мерзімді пайдалануға жарамды. Ең маңызды артықшылықтарының бірі – төбе жабынының ені 5 метрге дейін жетеді. Осының арқасында Алматыда жіксіз керме төбе орнату мүмкіндігі пайда болды. Қытайда өндірілген төбе жабындары өрт қауіпсіздігінің жоғары деңгейімен, ылғалға төзімділігімен және материалдың беріктігімен ерекшеленеді, 100 кг-ға дейінгі жүктемеге шыдай алады. Қытайлық MSD брендінің керме төбесінің 1 м² бағасы бар болғаны 1800 теңге!
«Қытайлық» деген сөз сапасыз өніммен байланысты болған заман артта қалды. 2010 жылдан бастап Қытай жоғары сапа ұранымен әлемдік нарықты бағындырып келеді. Сонымен қатар керме төбелердің бағасы еуропалық өндірушілердің өнімдеріне қарағанда әлдеқайда төмен.
Керме төбелердің бағасы мен сапасы туралы ұзақ айтуға болады. Сондықтан «Алмапотолок» компаниясы маманды тегін өлшеуге шақырып, барлық сұрақтарды көзбе-көз талқылауды ұсынады. Тапсырыс бермес бұрын төбе жабынының сапасын өзіңіз бағалай аласыз.
Қытайлық төбе жабындарының ассортиментінде фактуралардың барлық түрі бар:
- Жылтыр;
- Күңгірт;
- Сатин.
Жылтыр керме төбелер бөлменің кеңістігін көзбен үлкейтіп, оны жарыққа толтырады. Күңгірт төбелер интерьер заттары мен жарықтандыру құрылғыларын шағылыстырмай, бөлмеге классикалық көрініс береді. Ал сатин төбелер күңгірт және жылтыр төбелердің арасындағы аралық нұсқа болып табылады. Олар төбеге інжу реңкін беріп, бөлмені жарыққа толтырады, бірақ айна тәрізді шағылыстыратын беті болмайды.
MSD төбе жабындарының түстер палитрасы соншалықты кең, тіпті ең талғампаз клиентті де таңғалдырары сөзсіз.
Егер сіз өз үйін жайлы кеңістікке айналдырғысы келетін шығармашыл әрі заманауи адамдардың қатарынан болсаңыз, «Алмапотолок» компаниясы ерекше керме төбелерді орнатуды қуана ұсынады: жұлдызды аспан, көп деңгейлі төбе конструкциялары немесе фотобаспа салынған төбелер. Төбедегі пейзаждар, естелік фотосуреттер, балалар ертегілерінің сюжеттері немесе гүлдер бейнеленген суреттер сізді де, қонақтарыңызды да қуантары сөзсіз.
«Алмапотолок» компаниясына қоңырау шалыңыз, сонда сіз өкінбейсіз!
MSD өндірісінің күңгірт, жылтыр және сатинді үлдірлерінің түс үлгілері

MSD өндірісінің Galaxy үлдірінің үлгілері

MSD өндірісінің фактуралы күңгірт үлдір үлгілері

MSD өндірісінің зауыттық фотобаспа түсірілген үлдір үлгілері



