Керме төбелерді монтаждау кезіндегі қосымша жұмыстар
«Алмапотолок» компаниясы Алматы тұрғындарына жұмыстың соңғы құнына әсер ететін керме төбені орнатудың қыр-сырын түсінуге көмектеседі.

Біз клиенттерімізді алдауға тырыспаймыз және қосымша қызметтердің құнын алдын ала нақты жазып, оларды пайдалану қажеттілігін түсіндіріп, егжей-тегжейлі есеп береміз.
Құнына әсер ететін қосымша жұмыстар
Жиі клиенттеріміз бөлме аумағын төбе басына көбейтіп, соңғы құнын шығарып жатады. Кейбір жағдайларда есептелген сома мен шебер атаған сома өзгеше болуы мүмкін. Неліктен? Барлық бөлмелер әртүрлі және әр тапсырыстың ерекшеліктерін ескеру қиын, ал баға тізімінде тек классикалық жағдайларға арналған бағалар көрсетілген.

Біздің шебер тегін өлшеуге шыққан кезде, атқарылатын жұмыстар көлеміне кешенді баға береді. Жөндеу процесін күрделендіретіn жағдайлар шығындарды біршама арттыруы мүмкін:
Жұмысты күрделендіретін факторлар
- Тым биік бөлме. Орнатушылар тура төбе астында жұмыс істейді, бұл ретте оларға жиі қозғалуға тура келеді. Егер төбе биіктігі стандартты 2-3 метрден асса, жұмыс нақты азапқа айналады.
- Құбырды айналып өту. Шығыңқы құбырлары бар учаскені байқалмайтындай және әдемі етіп өңдеу үшін тәжірибе мен шеберлік қажет. Біздің шеберлер бұл жұмысты жоғары деңгейде орындайды, бірақ уақыт пен күш-жігердің қосымша жұмсалатыны сөзсіз.
- Төбелік гардинаны немесе гардинаға арналған нишаны орнату. Қалқымалы перделер, әрине, өте әдемі көрінеді, бірақ ойықтарды ұстап тұратын конструкцияларды монтаждау үшін біраз тер төгуге тура келеді.
- Маскировкалық кірістірме (бұршақ/саңылау жапқыш). Керме төбе мен қабырға арасында қалай болғанда да бірнеше миллиметр бос орын қалады, бұл кейбір адамдарға ұнамайды. Оларды пластикалық тығынмен немесе сәндік кірістірмемен жасыруға болады.
- Кафельге багет орнату. Ванна бөлмесінде немесе ас үйде қабырғалары кафель плиткасымен қапталған орындар жиі кездеседі. Монтаждау кезінде қабырғалардың сапасы үлкен маңызға ие. Біздің мамандар әрлеуді бұзбай, мейлінше ұқыпты түрде монтаж жұмыстарын жүргізеді.
- Қосымша бұрыштар мен шығыңқы жерлер. Жоспарланбаған шығыңқы жерлер мен түйісетін орындарды кесіп, өңдеу қажет, ал бұл – жайманы пішу кезіндегі қосымша жұмыс және орнатушылар үшін қиындық тудырады.
- Бөлігіш багетті орнату. Егер бөлме тым үлкен болса немесе күрделі пішінге ие болса, бөлгіштерді қолдануға тура келеді.
- Қисық сызықты учаске. Толқын тәрізді немесе жартылай дөңгелек қабырғалар кезінде керме төбе – нағыз өнер туындысы. Ең алдымен, дайындалған жайманың параметрлері дәл келуі үшін барлық есептеулерді дұрыс жүргізу қажет. Монтаждау кезінде орнатушыларға оны қажетті пішінге келтіру үшін багеттің бетін көп рет кесуге тура келеді.
- Ішкі ойықты алдын ала жоспарлап, нақты өлшемдерін келісіп алу, сондай-ақ ішкі кесінділерді мұқият өңдеу қажет.

Керме төбелерге қалай тапсырыс беруге болады
Стандартты емес бөлмелерге керме төбелерді орнату үшін кәсіпқойларға жүгініп, «Алмапотолок» компаниясының тегін өлшеу қызметіне жазылыңыз: +7 (707) 178-37-75.





