Жылтыр әлде күңгірт керме төбе
Әрқайсымыз керме төбеге тапсырыс бермес бұрын орнату үшін беттің қандай түрін таңдау керектігі туралы ойланамыз.

Жылтыр әлде күңгірт төбе?
Керме төбеге тапсырыс берген кездегі ең алғашқы сұрақтардың бірі – жайма фактурасын таңдау. Өйткені конструкцияның сыртқы түрі мен оның бөлме интерьерисана үйлесуі дәл осы жаймаға байланысты, сондықтан оны таңдауға дұрыс қарау маңызды.
Жылтыр да, күңгірт жайма да ПВХ пленкасы болып табылады. Олардың айырмашылығы тек жайманың өзінің шағылыстыру қасиеттерінде. Материалдың тығыздығы бірдей, ал сурет салу мүмкіндігі жылтыр жайма фактурасында да, күңгірт фактурада да бар.
Жылтыр фактураның артықшылықтары
Жаймалардың арасындағы ең танымал таңдау – бұл дәл сол жылтыр бет. Бетінің айналық шағылысу ерекшелігі бар болғандықтан, ол бөлмені көлемді етіп көрсетіп, кеңейте алады, бұл шағын пәтерлер үшін өте қолайлы.
Алайда, абай болу қажет: егер сіздің бөлмеңізде қою түсті жиһаздар көп болса, жылтырдың шағылыстырушы беті кері әсер етіп, «үстіңізге төніп тұрғандай» ауыр атмосфера тудыруы мүмкін.
Күңгірт фактураның артықшылықтары
Өз кезегінде, жайманың күңгірт фактурасы жылтыр сияқты жарқырап тұрмайды. Ол шағылысатын жылтыр бет сияқты ерекше көрінбесе де, классикалық интерьерге арналған қолайлы нұсқа ретінде әсерлі көрінеді.
Сатин компромисс ретінде
Егер сіз үйіңізге тым көп шағылысатын жылтыр жайма орнатқыңыз келмесе, ал күңгірт фактура тым қарапайым болып көрінсе, онда сіз үшін үшінші нұсқа – сатин жаймасы бар. Ол алдыңғы екеуінің ең жақсы қасиеттерін біріктіреді.
Сатин – бұл шамалы шағылысу әсері бар күңгірт жайма. Мұндай фактура нүктелік шамдармен үйлескенде әсіресе әсерлі көрінеді.
Егер сіз әлі де таңдау жасай алмай жүрсеңіз, +7 (707) 178-37-75 нөмірі бойынша бізге хабарласыңыз, «Алмапотолок» мамандары дәл сіздің үйіңізге арналған мінсіз шешімді табуға көмектеседі.











