«Керме төбені қыздыру – зиян!» — миф пе, әлде шынайылық па?
«Алмапотолок» компаниясы керме төбені монтаждау кезінде жайманы қыздырудың барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырады.

Біздің компанияға жүгінетін көптеген клиенттер жылу зпушкасын қолданып төбе монтаждаудан қатты қорқатындарын, яғни мүлік пен интерьердің сақталуына алаңдайтындарын айтады. Біз бұл мифті жоққа шығарып, неліктен қыздырудан бас тартуға болмайтынын түсіндіреміз.
Төбені не үшін қыздырамыз?
Керме төбелер, таңқаларлық емес, арнайы дайындалған қаңқаға керіледі. Өкінішке қарай, ПВХ пленкасының классикалық нұсқалары едәуір нәзік және созылмайды.
Температура 40 градусқа дейін (атап айтқанда, бөлме осындай температураға дейін қызады) шамалы көтерілгенде, пленканың құрылымы өзгереді де, ол иілгіш әрі жұмсақ болады. Жылдам суығаннан кейін пленка жиырылып, мінсіз пішінге ие болады.

ПВХ қыздыру технологиясы
Бөлмедегі температураны көтеруді бастамас бұрын, барлық терезелер мен есіктер тығыз жабылады, жабдық тексеріліп, қосылады.
Жоғары температураны монтаждау уақыты бойы ұстап тұру қажет болады. Ол үшін біз газ жабдығын қолданамыз: жылу пушкасы немесе газ баллоны.

Қыздыру қауіпсіз бе, жоқ па?
Жоғарыда айтып өткеніміздей, көптеген клиенттер мүліктің қауіпсіздігіне алаңдайды. Шынында да, кейбір тұрмыстық заттар 40 градустық ыстықты көтере алмайды, сондықтан оларды бөлмеден шығарып тастаған немесе пленкамен жауып қойған жөн.
Жарылыс қаупінен қорқу – екінші орында. Металл баллондардың орнына қауіпсіз баламалардың келгеніне көзіңізді жеткіземіз. Біздің жабдығымыз жарылыстан қорғалғанына кепілдік береміз, демек, бұл сіздің қауіпсіздігіңізге кепілдік береді.
Егер қыздырудан әлі де қорықсаңыз
Егер бөлмені қыздыруға ешқандай мүмкіндігіңіз болмаса немесе «қыздыру» сіз үшін әлі де қорқынышты сөз болып қалса, біз сіздің қалауыңызды ескеріп, қыздыруды қажет етпейтін ПВХ төбелерінің баламаларын ұсынамыз:
- Матадан жасалған жайма жоғары температурадан қорықпайды және біраз соманы төлеуге тұрарлық көптеген ерекшеліктерге ие.
- «Суық» әдіспен монтаждалатын ПВХ жайма. Прогрессивті брендтер бір орында тұрмай, төбелердің жаңа әрі үлкен модельдерін шығаруда. Олардың арасында қыздыруды қажет етпейтін, бірақ бағасы тым қымбат түрлері де бар.
Әрбір клиент «миф пе, әлде шындық па?» деген сұраққа жауап алды деп үміттенеміз. Егер сіз ПВХ пленкасын қыздыруға қатаң қарсы болсаңыз, біздің компания жылу пушкасын қолданбай, керме төбені орнатудың басқа әдістерін ұсынады.





