Керме төбеге шамдарды қалай орналастыруға болады?
Керме төбеге шамдарды қалай дұрыс орналастыруға болады? «Алмапотолок» компаниясымен бірге анықтаймыз.

Біз бөлменің ерекшеліктерін ескере отырып, маңызды жайттарды түсіндіреміз. «Алмапотолок» компаниясының арқасында төбеңіз әдемі ғана емес, сонымен қатар функционалды болады.
Шамдарды орнату кезінде нені ескеру қажет?
Бөлмедегі жарықтандыру жүйесі сырт көзге қарапайым көрінгенімен, шамдардың орнын таңдауға жауапкершілікпен қарау қажет. Бұл мәселеде қателесу оңай, соның салдарынан маңызды жұмыс аймақтарының бірі жарықсыз қалуы мүмкін.
Қателіктерге жол бермеу үшін керме төбелерге шамдарды орнатудың маңызды ережелерін ұсынамыз:

- Люстра бөлменің дәл ортасында орналасуы керек.
- Қабырғадан ең жақын шамдарға дейінгі қашықтық кемінде 20 см болуы тиіс.
- Шамдардың симметриялы орналасуын алдын ала мұқият есептеп, дәл белгілеу қажет.
- Төбе жабыны тігіспен орнатылған жағдайда, одан шамамен 15 см шегіну керек.
- Бөлменің мақсаты мен жиһаздың орналасуын ескеріңіз: жұмыс аймақтары басқа орындарға қарағанда жарығырақ болуы тиіс.
Әртүрлі бөлмелердегі керме төбенің жарықтандырылуы
Жарықтандыру түрін таңдағанда бөлменің ерекшеліктері мен атқаратын қызметін ескеру қажет. Сондай-ақ жарықтандыру керме төбенің түрімен үйлесуі тиіс.
Әртүрлі бөлмелерге тән жарықтандыру түрлерін қарастырайық:
- Қонақ бөлме үшін жарықтандырудың бірнеше нұсқасы қарастырылғаны дұрыс: ортасына люстра, ал бөлменің шеткі бөліктеріне жарығын реттеуге болатын бірнеше шам орнатуға болады. Мұндай жүйенің артықшылығы – бөлменің жарығын әртүрлі жағдайларға қарай реттеуге мүмкіндік береді.
- Жатын бөлмеге үлкен әрі ауыр люстраларды орнатудың қажеті жоқ. Бөлменің периметрі бойына бірнеше шағын нүктелік шам орнату жеткілікті. Жарықсыз демалған әлдеқайда пайдалы.
- Балалар бөлмесінде әртүрлі жарықтандыру нұсқаларын қарастырған жөн, өйткені бала өседі және болашақта жиһаздың орнын ауыстыру қажет болуы мүмкін.
- Асүйде жұмыс аймағына ерекше назар аударыңыз. Оның үстіне бірнеше шам орнатуға болады.
Қалай тапсырыс беруге болады?
Біздің компания кеңес беру және өлшеу қызметтерін тегін ұсынады. «Алмапотолок» компаниясынан өзіңізге ыңғайлы уақытқа тегін өлшеуге жазылыңыз:
- Телефон арқылы: +7 (707) 178-37-75.
- Мекенжайымыз: Алматы қаласы, Рысқұлов көшесі, 65/1.










