Керме төбеден шығатын иіс – миф пе, әлде шындық па?

Керме төбеге тапсырыс беруді жоспарлап жүрсіз, бірақ синтетикалық төбе жабынынан шығатын иіс алаңдата ма? «Алмапотолок» көпжылдық тәжірибесіне сүйене отырып, кең тараған жаңсақ пікірлерді жоққа шығарып, сұрақтарыңызға жауап береді.

Керме төбеден шығатын иіс – миф пе, әлде шындық па?

Керме төбені монтаждағаннан кейін жағымсыз иістің пайда болу мүмкіндігі көп жағдайда адамдардың әрлеудің осы түрінен бас тартуына себеп болады. Бұл әсіресе отбасында кішкентай балалары немесе аллергиясы бар адамдар тұратын үйлер үшін өзекті мәселе.

Біз бұл мәселені кәсіби мамандардың көзқарасы тұрғысынан қарастырып көрдік.

Керме төбеден шығатын иіс неліктен пайда болады?

Керме төбенің жабындарын дайындау үшін екі материалдың бірі қолданылады: арнайы мата немесе поливинилхлорид (ПВХ). Соңғысының құрамында фенол атты химиялық зат бар. Ол монтаждаудан кейінгі алғашқы сағаттарда пайда болатын синтетикалық иістің себебі болып табылады. Түрлі түсті және жылтыр төбе жабындары қосымша бояу мен лакпен өңделетіндіктен, олардан шығатын иіс күштірек болады.

Өнеркәсіпте фенолды қолдануға қатысты нормалар бар. Оларды қатаң сақтау толықтай қауіпсіз өнім шығаруға мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, кейбір адал емес өндірушілер шығынды азайту мақсатында қауіпсіздік ережелерін елемеуге дайын.

Сапалы төбе жабындарында фенолдың аз мөлшердегі концентрациясы қолданылады, бұл иістің пайда болу қаупін айтарлықтай төмендетеді.

Иіс – сапасыз төбе жабынының белгісі

Керме төбені монтаждағаннан кейін иістің пайда болатынын бірден атап өтейік, өйткені орнату кезінде төбе жабыны қызады. Егер пленка қауіпсіздік талаптарына сай өндірілген болса, бөлмені жай ғана желдеткеннен кейін жағымсыз иіс 2-3 сағат ішінде жойылады.

Кейбір жағдайлар иістің ұзағырақ шығуына әсер етуі мүмкін:

  • жоғары температура;
  • ылғалдылық;
  • бөлмедегі желдетудің нашар болуы.

Мұндай жағдайда иістің толық шығуына 3 күнге дейін уақыт кетуі мүмкін. Егер 3 күннен кейін де иіс жойылмаса немесе тіпті күшейе түссе, монтаждау кезінде сапасыз төбе жабыны қолданылған деп сенімді түрде айтуға болады.

Сапалы керме төбе орнатылғаннан кейін пайда болған иіс бөлмені желдеткен соң жоғалады. Егер жағымсыз иіс сақталып қалса, өкінішке қарай, сізге сапасыз төбе орнатылған.

Біз сертификаттаудың 3 түрінен өткен MSD маркалы пленканы қолданамыз. Оның экологиялық тазалығына, қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік бере аламыз.

+7 (707) 178-37-75 телефоны арқылы тегін өлшеуге жазылыңыз. Біздің мамандар сізге жеке кеңес беріп, барлық сұрақтарыңызға жауап береді.

Керме төбеге тапсырыс беру кезінде қалай үнемдеуге болады?
15.11.2026

Керме төбеге тапсырыс беру кезінде қалай үнемдеуге болады?

Толығырақ
2024 жылдың үздік төбелері - заманауи трендтер
24.09.2021

2024 жылдың үздік төбелері - заманауи трендтер

Толығырақ
«Арзан керме төбелер» – сапаны емес, бағаны қалай үнемдеуге болады
29.04.2019

«Арзан керме төбелер» – сапаны емес, бағаны қалай үнемдеуге болады

Толығырақ
Байланыс

Төбеңіздің құнын бүгін-ақ есептеп береміз

Өзіңізге ыңғайлы тәсілмен бізбен байланысыңыз. Кеңес береміз, тегін өлшеу жұмыстарын жүргізіп, бюджетіңізге сай ұсыныс дайындаймыз