Керме төбелер туралы 5 аңыз
Бірнеше жылдық жұмыс барысында біз Алматыда 500-ден астам керме төбе орнаттық. Және біздің клиенттеріміздің шамамен 43%-ы мұндай жабынды жасауға күмәнмен қарады. Күмән тудырудың себептері әрқашан әртүрлі. Біз иелеріне берік, эстетикалық және қолжетімді жабынды алуға кедергі келтіретін керме төбелер туралы 5 аңызды анықтадық.

1-ші аңыз – бұл қымбат
Көпшілік керме төбе әрлеудің басқа түрлеріне қарағанда қымбатырақ тұрады деп санайды. Біздің бағамыз м2 үшін 1100 тг-ден басталады. Бұл ретте сырлау құны – шамамен 400 тг/кв.м. Бұл қосымша жұмыстарды есепке алмағанда, тек валикпен бояу құны ғана:
- жалаңаш жабынды плиталар жағдайында тігістерді тегістеу (затирка);
- негізді тегістеу;
- фиништік және бастапқы (стартовая) сылақ.
Ылғалды бөлмелерге арналған төбені сырлау құны аз болмайды. Сәндік жабынды жасамас бұрын беткейді антисептикпен өңдеу қажет. Сонымен қатар, керме төбені орнату үшін қаралатын беткейді дайындауға көп күш жұмсау талап етілмейді.

2-ші аңыз – бұл ұзаққа шыдамайды
Керме төбе – бұл ыстық ауаның әсерінен керілген арнайы үлбір (пленка). Басқа ұқсас беткейлер сияқты, жайма доптың кездейсоқ соққысынан зақымданбайды, бірақ пышақ немесе қайшының әсерінен жыртылуы мүмкін.
Беткейдің бүтіндігі бұзылған сәтте ешқандай «жарылыс эффектісі» болмайтынын және мәселенің оңай түзетілетінін атап өткен жөн. Егер тілік кішкентай болса, оның ары қарай жыртылып кетуіне жол бермеу маңызды – жыртылған жерді скотчпен жабыстырып, жөндеу үшін біздің шеберлерге хабарласу қажет.

Керме төбенің жаймасында тек өткір заттардың әсерінен ғана тіліктер пайда болады, жұмсақ беткейдің кездейсоқ соққысынан ештеңе етпейді.
3-ші аңыз – төбе аласарып қалады
Керме төбе бастапқы деңгейден белгілі бір қашықтықта орнатылады, сондықтан бөлмені аласа етіп көрсетеді деп есептеледі. Шын мәнінде бұл олай емес – багеттің түріне байланысты жайма бар болғаны 2-ден 7 сантиметрге дейінгі қашықтықта бекітіледі, бұл өте критикалық емес. Ал жылтыр және сатин жаймалар шағылысу әсерінің арқасында төбені тіпті визуалды түрде биіктете түседі.
Толығырақ біздің мақаламыздан оқи аласыз.

4-ші аңыз – керме төбе ванна бөлмесіне сәйкес келмейді
Керерісінше, мұндай жабын көгеру мен саңырауқұлақ түрлерін түзбейді, оңай жуылады және қосымша күтімді қажет етпейді. Сонымен қатар, ол көршілер су басып қалған жағдайда өте қажет болатын шаршы метріне 100 литрге дейін суға төтеп бере алады.

Керме төбе – ванна мен ас үй үшін ең жақсы нұсқа.
5-ші аңыз – керме төбені өзіңіз орнату оңай
Әрине, бұл жұмысты өзіңіз жасап көруге болады. Бірақ әрлеудің бұндай әдісі арнайы құралдардың (газ зеңбірегі, багет және т.б.) болуын ғана емес, сонымен қатар белгілі бір дағдыларды талап етеді. Тәжірибесіз адамдар жүргізген монтаж жұмысы сізді қуанта қоюы екіталай, сонымен қатар бөлменің қалған әрлеу жұмыстарына зақым келтіруі мүмкін.
Компанияға хабарласу арқылы сіз сапалы жайма, кәсіби монтаж және ең бастысы – кепілдік аласыз. Егер төбемен бірдеңе бола қалса, сіз орнатушы фирмаға хабарласып, мәселені оңай шеше аласыз.






