Керме төбелердің зияны мен пайдасы
«Алмапотолок» компаниясының кәсіби мамандары Алматы қаласында керме төбелерді өндіру, монтаждау және дизайн жасау жұмыстарымен айналысады. Кез келген талғамға сай бұйымды таңдауға болады. Егер сіз әлі де мұндай әрлеуді сатып алуға күмәндансаңыз, біз бұл шешімнің пайдасы мен зиянын ашып көрсетуді ұйғардық.

Керме төбелердің пайдасы
Түсқағаздарды (обои) қаншалықты жиі ауыстырасыз? Ал төбедегі бояуды қанша жиі жаңартасыз? Керме жабынды 30 жыл бойы ауыстырудың қажеті жоқ. Басты шарт — дұрыс пайдалану, ал бұл ережелерді сақтау өте оңай:
- агрессивті жуғыш заттарды қолданбау;
- жайманы қыздырма шамдармен «қуырмау» (шамадан тыс қыздырмау);
- өткір заттардың әсеріне жол бермеу.
Керме төбелердің бірқатар артықшылықтары бар
- ПВХ төбелері иістерді сіңірмейді және оларды тіпті ас үйде де орнатуға болады. Сонымен қатар олар ерекше күтімді қажет етпейді, бетін дымқыл шүберекпен сүртіп шықсаңыз жеткілікті, ол қайтадан жаңа сияқты болады.
- Ылғалға төзімділік бұл материалды ванна бөлмелері мен бассейндер үшін мінсіз етеді. Оның үстіне, су өткізбейтін сипаттамасы мүлікті су астында қалудан (затопление) сақтап қалуға көмектеседі. Суға толған ПВХ үлдірін (пленканы) ұқыпты түрде тесіп (немесе арнайы саңылау арқылы) сұйықтықты ағызып жіберу жеткілікті. Содан кейін төбе өзгеріп, бастапқы қалпына оралады.
- Жабынның бояулары күн сәулесінен солмайды. Сурет немесе реңк көптеген жылдар бойы жарқын күйінде сақталады. Бізде 100-ден астам түс нұсқалары ұсынылған. Кез келген түрдегі және өлшемдегі жаймаға принт (сурет) басып шығарамыз.
- Тек ПВХ жаймасын қолдану арқылы немесе басқа материалдармен үйлестіріп, көп деңгейлі конструкциялар жасаймыз. Бірегей әрлеу гипсокартонмен тиімді үйлеседі, бұл жағдайда әсерлі әрі стильді композиция шығатынына кепілдік беріледі.
- Біз жұмыста қолданатын барлық жаймалар сертификаттаудан өткен. Бұл төбенің қолдану үшін мүлдем қауіпсіз екенін білдіреді.
Керме төбелердің зияны
Керме төбенің зияны әрқашан ашық сұрақ болып қала береді, өйткені ол орнатылатын жайманың сапасына және монтажшылардың адалдығына тікелей байланысты.

Сатып алушыларды жиі жабынды орнату кезіндегі бөтен иіс алаңдатады. Материалдың сапасы жоғары болған кезде ол 1-2 күн ішінде жоғалып кетеді және төбені пайдалану барысында қайта пайда болмайды.
Кейбір сатып алушылар керме төбенің басты кемшілігі ретінде оның жоғары бағасын санайды, бірақ егер сапалы керме төбенің өте ұзақ қызмет ететініне және барлық уақыт бойы ешқандай қосымша шығынды талап етпейтініне назар аударсаңыз, онда оның құны жыл сайын дерлік әрлеуді немесе бояуды қажет ететін қарапайым төбемен салыстырғанда әлдеқайда тиімді әрі орынды болып шығады.
Керме төбенің зияны мен пайдасы әлі де күмән тудыра ма? Бізге +7 (707) 178-37-75 телефоны арқылы хабарласып, өзіңізге ыңғайлы, әдемі әрі ұзаққа созылатын сапалы жабынды қамтамасыз етіңіз.





