Керме төбе ме, әлде тұсқағаз (обои) бе – қайсысы бұрын жасалады?

«Алмапотолок» компаниясының шеберлері Алматы қаласындағы үйлер мен кеңселерде 1000-нан астам керме төбе орнатты. Біздің тапсырыс берушілеріміздің көбісінде бір сұрақ туындайды: тұсқағазды төбені монтаждаудан бұрын жабыстыру керек пе, әлде ол аяқталған соң ба?

Керме төбе ме, әлде тұсқағаз (обои) бе – қайсысы бұрын жасалады?

Өз тәжірибемізге сүйене отырып жауап береміз — бәрі нысанның жағдайына байланысты. Әрбір жеке жағдайда біздің шеберлеріміз мыналарды ескереді:

  • қабырға материалы;
  • беткейді дайындау дәрежесі;
  • тұсқағаз түрі;
  • жабыстыру жұмыстарын атқарушылардың шеберлігі.
Қатаң ережелер жоқ, сондықтан әркім өзіне ыңғайлы тәсілді таңдайды. Әрбір нұсқаны егжей-тегжейлі қарастырып көрейік.

1-әдіс – алдымен тұсқағаз, содан кейін керме төбе

Бұл нұсқаның артықшылықтары:

  • жоғарғы шетін тегістемеуге мүмкіндік бар. Бұл жұмыс уақытын айтарлықтай қысқартады;
  • карниз сияқты қосымша элементтердің болмауы. Олардың орнына төбенің сәндік жолағы (плинтусы) қызмет етеді;
  • беті қазірдің өзінде тегістелген, сондықтан керме жайманың бекіту бөлшектерін орнату оңайырақ болады.

Егер сіз бөлмені өз бетіңізше жаңартпақ болсаңыз — бұл дерлік мінсіз нұсқа. Бірақ бірнеше нюанс бар: егер қабырға құрылымы қызыл кірпіштен жасалған болса, бұл әдіс сәйкес келмейді. Бұл жағдайда керме төбені бекіту жүйесі үшін тесіктер бұрғылаған кезде шаң пайда болады. Қызыл түсті ұнтақ тұсқағазға қонып, оның сыртқы түрін бұзады. Ластануды кетіру өте қиын болуы мүмкін.

Егер қабырға материалы ретінде бетон, ағаш, ақ кірпіш қолданылса, біздің шеберлеріміз алдын ала тұсқағаз жабыстыруды құптайды. Ең бастысы — төбені бірден орнатпау.

Біздің менеджер міндетті түрде қабырғаларды безендіргеннен (тұсқағаз жабыстырғаннан) бері қанша уақыт өткенін сұрайды. Желімнің толық кебуі (схватывание) 5 күнге созылады. Бұл мерзімнен бұрын керме төбені орнатуды жоспарламаған дұрыс.

2-әдіс – алдымен керме төбе, содан кейін тұсқағаз

Жөндеудің бұл түрі кезінде қабырғаларды тегістеуді қарастырған жөн. Егер алдымен төбе жабыны жасалса, өткір шпательмен жұмыс істеу оны зақымдауы мүмкін. Тұсқағаздың жоғарғы шетін тегістеу кезінде кескіш құралмен өте ұқыпты болу қажет.

Бұл тәсілдің кемшілігі — егер тұсқағаздың шеті мінсіз шықпаса, оны жасыру қажеттілігі. Бұл үшін эстетикалық сипаттамалары бойынша таңдау әрдайым оңай бола бермейтін карниз жабыстырылады.

Көптеген сайттардан ПВХ төбесін орнатпас бұрын жабыстырылған тұсқағаздардың түсіп қалатынын оқуға болады. Бұл жылу зорбасының (тепловая пушка) әсерінен қызып кетуге байланысты. Сізді сендіреміз — біздің шеберлермен мұндай жағдайлар болмайды. Біз сезімтал беттерге зиян келтірмей, бөлмені біркелкі қыздырамыз. Бөлменің жағдайын әрқашан ескереміз. Үй-жайды дайындау бойынша алдын ала ұсыныстар береміз. Тәжірибелі шеберлердің сапалы жұмысы арқылы қаражатыңызды үнемдейміз. Бізден кейін дақтар, шаң, сынықтар және басқа да ақаулар қалмайды.

Егер сіз қабырғадағы тұсқағазбен үйлесетін мінсіз керме төбе жасағыңыз келсе, бізге хабарласыңыз: +7 (707) 178-37-75. «Алмапотолок» компаниясы сізді жерге қаратпайды!
Керме төбеге тапсырыс беру кезінде қалай үнемдеуге болады?
15.11.2026

Керме төбеге тапсырыс беру кезінде қалай үнемдеуге болады?

Толығырақ
2024 жылдың үздік төбелері - заманауи трендтер
24.09.2021

2024 жылдың үздік төбелері - заманауи трендтер

Толығырақ
«Арзан керме төбелер» – сапаны емес, бағаны қалай үнемдеуге болады
29.04.2019

«Арзан керме төбелер» – сапаны емес, бағаны қалай үнемдеуге болады

Толығырақ
Байланыс

Төбеңіздің құнын бүгін-ақ есептеп береміз

Өзіңізге ыңғайлы тәсілмен бізбен байланысыңыз. Кеңес береміз, тегін өлшеу жұмыстарын жүргізіп, бюджетіңізге сай ұсыныс дайындаймыз