Заманауи керме төбелер – 2017 жылдың 5 тренді
«Алмапотолок» компаниясының дизайнерлері 2017 жылы қандай керме төбелер танымал әрі тиімді болатыны туралы өз болжамдарымен бөліседі.

Оймық (резные) керме төбелер
«2017 жылдың ең танымал төбелері» номинациясының сөзсіз жеңімпаздары – оймық керме төбелер. Apply технологиясы біздің нарыққа көп бола қойған жоқ – 2016 жылдың соңында келіп, қысқа уақыт ішінде жанкүйерлер қатарын көбейтті. Оймық керме төбелердің бақытты иелері мұндай конструкциялардың тым ерекше, жаңашыл болып көрінетінін және иелерінің талғамын тамаша көрсететінін атап өтеді. Таңдана қараған көздерге кепілдік берілген! Сонымен қатар, оймық төбелер әдеттегі гипсокартоннан немесе керме жаймалардан жасалған екі деңгейлі конструкцияларға қарағанда әлдеқайда арзан.
Матадан жасалған жаймалар
2017 жылдың келесі танымал тренді ретінде матадан жасалған керме төбелерді атауға болады. Жергілікті экожүйеге қамқорлық жасау белең алған заманда бұл таңқаларлық емес. Матадан жасалған жаймалар ПВХ үлбірлеріне қарағанда ауаны жақсырақ өткізеді және «табиғилау» болып келеді, сондықтан көптеген ата-аналар балалар бөлмесі үшін керме төбе ретінде матадан жасалған жаймаларды таңдайды.

Жарықдиодты (LED) жарықтандыру
Жарықдиодты шамдардың жарқын ленталары – 2017 жылғы керме төбені жарықтандырудың ең танымал нұсқаларының бірі. Сәнді конструкция бөлмені аймақтарға стильді әрі жарқын түрде бөлуге, интерьерде дұрыс акценттерді қоюға және артықшылықтарды ерекше көрсетуге көмектеседі. 2017 жылы бұл бала саны бірнеше балаға арналған балалар бөлмелерінде, сондай-ақ заманауи студия-пәтерлерде алмастырылмайтын болады.

Фотобасылым (Фотопечать)
Фотобасылым ұзақ уақыт бойы керме төбені безендірудің ең танымал нұсқаларының тізімінде қалып отыр. Бұл шығармашылық үшін ең кең мүмкіндіктер ашады — төбеңізде кез келген батыл идеяларды жүзеге асыруға болады. Бұл нұсқа әсіресе асүй, балалар бөлмесі және қонақ бөлме үшін өте қолайлы.

Жұлдызды аспан
Фотобасылымы бар керме жайма мен арнайы жарықдиодты элементтің ерекше әдемі үйлесімі. Нәтижесінде тікелей төбеңізде жұлдызды аспанның шынайы көрінісі пайда болады. Мұндай төбелерді жасөспірім балалар қатты ұнатады, сондай-ақ ата-аналардың жатын бөлмесінде де жұлдызды аспан төбесі өте орынды болады.






