Үш бөлмелі пәтердегі керме төбе

«Алмапотолок» компаниясы Алматыдағы үш бөлмелі пәтерлерге керме төбе орнату қызметін ұсынады.

Үш бөлмелі пәтердегі керме төбе
«Алмапотолок» компаниясының керме төбелері — баға мен сапаның ең тиімді үйлесімі. Біз нарықтағыдан төмен бағаларды — 1150 теңгеден бастап ұсынамыз және қызметтердің барлық түрлеріне кепілдік береміз.

Үш бөлмелі пәтерге арналған керме төбелер – бағасы

Жайма түрі ақ, күңгірт ақ, сатин ақ, жылтыр түрлі-түсті кез келген
Ені, м. 3,2 3,2 3,2 3,2 5
Бағасы, ш.м./теңге 1150 1150 1150 1150 1300

Қызметтің шамамен алынған құнын дәл қазір біздің онлайн-калькуляторымызды пайдалану арқылы біле аласыз. Біздің шеберіміз өлшеу кезінде есептеу жүргізіп, қызмет көрсетудің түпкілікті бағасын хабарлайды.

«Алмапотолок» компаниясымен бүкіл пәтерге керме төбе орнату қалтаңызға салмақ салмайды. Икемді жеңілдіктер жүйесі айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.

Керме төбе жаймаларының түрлері

Жайма материалдарының екі түрі бөліп көрсетіледі:

  • ПВХ жаймалары суға төзімділігімен және ұзақ мерзімділігімен ерекшеленеді. Әртүрлі нұсқаларда ұсынылған – жылтыр, сатин немесе күңгірт фактурасы бар.
  • Мата жаймалары – ең экологиялық таза нұсқа. Олардың құрылымы кеуекті, сондықтан ылғалды ұстамайды, бірақ «тыныс ала» алады.

Керме төбелер кезіндегі жарықтандыру

Керме төбелері бар бөлмелер үшін жарықтандыруды қалай дұрыс ұйымдастыру керектігін біздің мамандар айтып береді:

  • Орталық жарықтандыру. Керме төбелер люстраны екі тәсілмен бекітуге мүмкіндік береді: ілмекпен бекіту және жасырын платформаға бекіту.
  • Нүктелі жарықтандыру. Нүктелі жарықтандыру үшін галогендік, люминесценттік және көбінесе жарықдиодты шамдар қолданылады.
  • Контурлық жарықтандыру. Жарықдиодты таспалар жағымды жұмсақ жарық береді, дизайнерлер көбінесе оларды «қалықтайтын» жаймаларды жасау кезінде пайдаланады.
Шамдарды төбе конструкциясын монтаждау барысында орнату қажет. Біздің мамандар кез келген түрдегі жарықтандыруды монтаждауды орындауға дайын.

Бөлмелер бойынша керме төбелер

Асүйдегі әрлеу жұмыстары нағыз сыннан өтеді: жоғары температура, жиі ластану, жоғары ылғалдылық. Бұл қатал жағдайларға ПВХ керме төбесі төтеп бере алады, ең жақсы нұсқа — жылы реңктегі күңгірт жайма.

Қонақ бөлженің интерьері — пәтердің мақтанышы. Қонақтарды таңғалдыру және эксклюзивті дизайн жасау үшін фотобасып шығаруды (фотопечать) таңдаған жөн. Біз сіз таңдаған кез келген кескінді жаймаға орналастыруға дайынбыз.

Жатын бөлмедегі «қалықтайтын» конструкция демалуға көмектесетін шашыраңқы жарықтандыруды жасауға мүмкіндік береді. Біздің клиенттеріміз жиі матадан жасалған нұсқаларға басымдық береді.

Ванна бөлмесіндегі керме жайма көгеру мен саңырауқұлақтардың пайда болуынан қорғауды қамтамасыз етеді. Нүктелі жарықтандыруы бар жылтыр ПВХ-ға назар аударған жөн.

Дәлізде ақшыл жылтыр жайманы орнату шағын бөлмені кеңейтіп, оның жарықтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Балалар бөлмесіне төбе таңдауға әдетте барлық байыптылықпен қаралады. Біз ерекше шешімдерді ұсынуға дайынбыз: сүйікті суреттердің фотобаспасы, «жұлдызды аспан» жаймасы, толқын тәрізді немесе екі деңгейлі конструкциялар.

Біздің мамандар үш бөлмелі пәтерге төбе таңдауға көмектесуге әрқашан дайын. Тегін өлшеу жұмыстарына және кеңеске мына телефон арқылы жазыла аласыз: +7 (707) 178-37-75.
Керме төбеге тапсырыс беру кезінде қалай үнемдеуге болады?
15.11.2026

Керме төбеге тапсырыс беру кезінде қалай үнемдеуге болады?

Толығырақ
2024 жылдың үздік төбелері - заманауи трендтер
24.09.2021

2024 жылдың үздік төбелері - заманауи трендтер

Толығырақ
«Арзан керме төбелер» – сапаны емес, бағаны қалай үнемдеуге болады
29.04.2019

«Арзан керме төбелер» – сапаны емес, бағаны қалай үнемдеуге болады

Толығырақ
Байланыс

Төбеңіздің құнын бүгін-ақ есептеп береміз

Өзіңізге ыңғайлы тәсілмен бізбен байланысыңыз. Кеңес береміз, тегін өлшеу жұмыстарын жүргізіп, бюджетіңізге сай ұсыныс дайындаймыз