Керме төбе дыбыс оқшаулауы
«Алмапотолок» компаниясы Алматы қаласының тұрғындарына қолжетімді бағамен керме төбе астына дыбыс оқшаулауды орнату қызметін ұсынады.

Керме төбенің шудан қорғау қабілетін арттырамыз
Керілген ПВХ жайма төбе астында дыбыстардың таралуына кедергі келтіретін ауа қуысын түзеді, алайда бұл қорғаныс жеткіліксіз болуы мүмкін. Шуды жұтатын пореялық құрылымы бар табиғи немесе синтетикалық материалдардан жасалған қабат жақсырақ дыбыс оқшаулау үшін қолданылады.
Көптеген шеберлер өрескел қателік жіберіп, сырланбаған қабырғалар мен төбеге жанасатын керме төбенің қаңқасы кезінде дыбыс оқшаулауды жасайды. Металл арқылы дыбыстың берілуін бейтараптандыру үшін біздің шеберлер арқалықтарға демпферлік лента бекітеді.
Керме төбе астына арналған дыбыс оқшаулау материалдары
- Базальт, тас және минералды мақта – дыбыс пен жылуды оқшаулауға арналған пореялық материал. Мақта төсеу әдісі оның төмен бағасы мен орнатудың оңайлығының арқасында ең көп таралған. Бұл материал ылғалдан бұзылады, сондықтан міндетті түрде гидроизоляция жасау қажет. Мақта қабаты төбе қаңқасының астына салынып, торлы материал мен дюбельдердің көмегімен бекітіледі.
- Пенополистирол қабатын төсеу өте оңай, плиталарды қара төбеге (черновой потолок) жай ғана жабыстыру жеткілікті. Оның дыбыс оқшаулау қасиеттері төмен болғанымен, арзан бағасы мен бұрғылаусыз орнатылуы клиенттерді өзіне тартыды.
- «Техсаунд» дыбыс оқшаулағышы – дыбыстарды жұтуға және жоғары қарқынды толқындарды таратуға мүмкіндік беретін біршама жаңа өнім. Қалыңдығының аз болуы бұл дыбыс оқшаулау қабатын төбесі аласа бөлмелерде, сондай-ақ жақсырақ қорғаныс үшін басқа материалдармен кешенді түрде қолдануға мүмкіндік береді.
- Акустикалық поролон – бөлмені артық шудан қорғаудың ең қолжетімді әрі тиімді нұсқаларының бірі. Мұндай жабын кезінде дыбыс толқындары таралып, діріл поролон қабатымен жұтылады.
Алматы қаласында дыбыс оқшаулауға тапсырыс беру
Біз керме жаймаларды орнату және шудан қорғау жұмыстары бойынша кешенді қызмет түрлерін ұсынамыз. Монтаждау жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін алдымен қара төбе беті дайындалады. Біз көрсетілетін қызметтеріміздің сапасына сенімдіміз, сондықтан барлық жұмыс түрлеріне сапа кепілдігін береміз.














